Таудаған () – кенепшөп тұқымдасына жататын ағаш. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда тараған. Тастақты тау баурайында, жартас бетінде өсетін туыспен аттас бір түрі (кавказ таудағаны ) бар. Биіктігі 4 – 7 м. Діңі жылтыр, қабығы сұр түсті. Жапырағы қыртысты, жұмыртқа пішіндес, кезектесіп орналасқан, жиегі бүтін не ирек болады. Гүлі қос жынысты не дара жынысты, бір-бірден жапырақ қолтығында орналасқан, аталығы төртеу. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – шар тәрізді сүйекше, жеуге жарамды. Таудағанның діңі қатты әрі мықты, ағаш бұйымдарын жасауға пайдаланылады. Жас жапырағын мал жақсы жейді. Қабығы тері илеу үшін пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кенепшөптер Санат:Ағаштар