«Райымбек батыр» — Алматы метросының 1-ші бекеті. Назарбаев даңғылы және Райымбек батыр даңғылының қиылысында орналасқан.
Жерасты вестибюліне кіретін және шығатын жерлер Назарбаев даңғылы мен Райымбек батыр даңғылы қиылысқан әрбір бұрышқа орналасқан. Тағы екі кіретін және шығатын жерлер Назарбаев даңғылы бойында, Райымбек батыр даңғылының солтүстігіне қарай орналасқан.
Тарихы Бекет 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылды. Ол Алматы метросының іске қосылған бірінші кезегінің бөлігі болып табылады.
Райымбек батыр есiмiмен аталған. Жобада «Октябрьская» деп көрсетілген.
Техникалық сипаттамасы Таяз орналасқан бекет ені — 10 м, ұзындығы — 104 м бір арал іспеттес платформасы бар бір күмбез тәрізді.
Архитектурасы мен безендірілуі Әрлеуі ежелгі заман мен қазіргі замандағы үлгілерді біріктіру етіп орындалған. Қабырғаларда ұлттық өрнектер мен жартасқа салынған суреттер бейнеленген.
Жақын орналасқан нысандар "Мерей" сауда Үйі Алматы-2 теміржол вокзалы Көк базар "Саяхат" автовокзалы
Сілтемелер
Санат:Алматы метро бекеттері