thumb|200px|Қызыл алма thumb|200px|Фуджи сорты Жеміс-жидек сорттары. Қазақстандағы "Алмалы" ғылыми-өндірістік бірлестігі шығарған, бірден-бір көп тараған сорттардың сипаттамалары мынадай: Іле алма сорты (1934 ж.) — Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында өсіріледі (аудандастырылған). 4—5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 89—90 кг алма түседі. Жемісі ірі (160 г) сопақша пішіндес, домалақ, шымқай қызыл, көкшілдеу, қыркүйекте піседі. Суыққа төзімді. Алатау шапағы — алма сорты (1936 ж.) — Алматы облысында аудандастырылған. 5-6 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 158 кг (кейде 250 кг) алма түседі; ол біршама ірі (110 г), сопақша пішіндес, жасыл, қызғылт сары түсті, қыркүйекте піседі. Суыққа төзімді. Салтанат алма сорты — Алматы облысында аудандастырылған. 7—8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 140 кг алма түседі; ол ірі (160 г), домалақ, қызғылт сары, қызғылт түсті, қыркүйекте піседі. Алматы алқызыл алма сорты (1940 ж.) — Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында аудандастырылған. 7-8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 220 кг алма түседі; ол ірі (190 г), сопақша пішіндес, домалақ, қырлы, қызғылт сары түсті, қыркүйектің аяғында, қазанның басында піседі. Суыққа өте шыдамды. Талғар аруы алмұрттың күздік және қысқы сорты (1939 ж.) — Алматы, Жамбыл]], Қызылорда, Түркістан облыстарында аудандастырылған. 4-7 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 137 кг-ға дейін алмұрт түседі; ірі (170 г), сопақша, ашық қызғылт түсті; қыркүйекте піседі. Хош иісті алмұрттың қысқы сорты (1939 ж.) — Алматы, Қызылорда облыстарында аудандастырылған. 8-9 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан (10 жылдан кейін) 32 кг өнім түседі; ол біршама ірі (140 г), қызғылт сары түсті, қазанның басында піседі. Суыққа ерекше шыдамды. Марков алхорысы — 1933 жылы шығарылған сорт. Қызылорда облысында аудандастырылған. 3-4 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Әр ағаштан 38 кг алхоры түседі. Ол ірілеу (35 г), янтарь түстес сары, қызғылт түсті, тамызда піседі. Суыққа төзімді. Мәншук батыр — бүлдірген сорты, 1943 жылы шығарылған. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында аудандастырылған. Гектарынан 147 ц бүлдірген жиналады. Жидегі ірі (8 г), шілдеде піседі. Өздігінен тозаңданады. Туполева бүлдіргені — 1943 жылы шығарылған сорт. Қызылорда, Алматы облыстарында аудандастырылған. Әр гектарынан 87 (ең көбі 153) ц жидек түседі; ірі (8 г) маусымда піседі. Алматылық — таңқурай сорты, 1955 жылы шығарылған. Алматы облысында аудандастырылған. Гектарынан 51 ц жидек түседі. Жемісі ірілеу (2 г), маусымның аяғында піседі.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Тағы қараңыз Жеміс шырыны Жеміс ағашы Дереккөздер
Санат:Жеміс-жидек