Украин тілі (українська мова)ХХ ғасырдың басына дейін украин тілінің «кіші орыс диалектісі» және «кіші орыс тілі» сияқты атаулары қолданылды; сонымен қатар, ХХ ғасырдың басына дейін Батыс Украинада өз тіліне қатысты атау сақталды — «орыс» (руський); XIX ғасырдың кейбір ғылыми еңбектеріне тән «оңтүстік орыс тілі» термині де белгілі. — славян тілдерінің бірі, украиндардың ұлттық тілі. Шығыс славян тілдер тобына біріктірілген беларус және орыс тілдеріне жақын. Негізінен Украина аумағында, онымен қоса Ресей, Беларусь, Қазақстан, Польша, Словакия, Румыния, Молдова, Сербия, Мажарстан және Канада, АҚШ, Аргентина, Аустралия және басқа елдердегі эмигранттардың ұрпақтары арасында таралғанРусанівський В. М.. Українська мова //Пилинский Н. Н. Украинский язык. Украинаның мемлекеттік тілі болып табыладыУкраина конституциясы // 10-шы мақала. thumb|Украин тілінің таралуы thumb|Украин тілінің аймақтар бойынша таралуы (2001 жылғы халық санағының нәтижелері бойынша)
Әліпбиі
Аа Бб Вв Гг Ґґ Дд Ее Єє Жж Зз Ии Іі Її Йй Кк Лл Мм Нн Оо Пп Рр Сс Тт Уу Фф Хх Цц Чч Шш Щщ Ьь Юю Яя
Тарихы
Қазіргі қолданысы thumb|left|Верховина маңындағы Иван Яковлевич Франко музейі thumb|left|Украин тілінде жазылған метродағы ақпараттық тақта (Киев, Украина) Ұзақ уақытқа созылған құлдыраудан кейін украин тілінің қолданылуы өсіп келеді. Дүние жүзінде елу миллионға жуық этникалық украиндар болса да, оның ішінде 2001-ші жылы Украинада 37,5 миллион (сол кездегі жалпы халықтың 77,8%-ы), украин тілі негізінен Украинаның батысы мен орталық бөлігінде кең таралған. Киев тұрғындары украин және орыс тілдерінде де сөйлейді, алайда бұрын бұл қала негізінен орыстілді болатын.
2022-ші жылдың тамызында рейтинг тобының Украинадағы сауалнамасы 85%-ы үйде украин немесе украин және орыс тілдерін және 51%-ы тек украин тілінде сөйлейтінін көрсетті.
Дереккөздер Деректер
Дереккөздер
Санат:Шығыс славян тілдері Санат:Украин тілі