Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті — ғарыш қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ведомствосы.
Бұрынғы атаулары Ғарыштық зерттеулер саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін 1991 жылы 11 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қазақ КСР Космостық зерттеулер агенттiгi құрылды.О создании Агентства космических исследований Казахской ССР Қазақ КСР Космостық зерттеулер агенттiгi (1991-1993) ҚР Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (1993-1995) ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (1995-1996) ҚР Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (1996-1999) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Аэроғарыш комитеті (1999) ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Аэроғарыш комитеті (1999-2000) ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Аэроғарыш комитеті (2000-2002) ҚР Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті (2002-2004) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2004-2007) ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі (2007-2014) ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2014-2016) ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2016-2019) ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті (2019 ж. ақпан-маусым аралығы) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2019-2025) ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2025 жылдан бері)
Міндеттері ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту ғарыш технологиялары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын жасау ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алуы бойынша жұмыстарды өз құзыреті шегінде үйлестіруҚазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Құрылымы Комитеттің 8 басқармаcы бар (2023 жылға): Қаржы және мемлекеттік сатып алу басқармасы Әкімшілік жұмыс басқармасы Халықаралық байланыс басқармасы Ғарыштық байланыс жүйелері басқармасы Ғылыми-техникалық әзірлемелер басқармасы "Байқоңыр" кешенін дамыту басқармасы Жерді қашықтықтан зондтау, навигация және ғарыш техникасын өндіру басқармасы Жоспарлау, талдау және бақылау басқармасы
Қарамағындағы мекемелер «Инфракос» ШЖҚ РМК «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ғалам» ЖШС (0,5%) «В.Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институт» ЖШС «Ионосфера институты» ЖШС «Байқоңырбаланс» РММ
Басшылары Тоқтар Әубәкіров (1993—1994) Айсұлтан Қалыбаев (1994—1998) Мейірбек Молдабеков (1998—2001) Алмас Қосынов (2001—2006) Марат Нұрғожин (2006—2007) Талғат Мұсабаев (2007—2016) Еркін Шаймағамбетов (2016—2019) Баубек Оралмағамбетов (2019 жылдан бастап)
Дереккөздер
А