Судың минералдығы - суда еріген қатты бейорганикалық (минералдық) заттардың (иондар мен коллоидтер түріндегі) жалпы салмақтық мөлшері. Минералдылықтың түрлері және нақты шамасы (дәрежесі) болады. Минералдық дәрежесі Судың минералдығының дәрежесіне г/дм3 немесе мг/дм3-мен берілетін, төмендегідей шамалардың бірі жатады: тәжірибелік жолмен анықталған қүрғақ (қатты) қалдық; иондардың қосындысы; минералдық заттардың қосындысы; есептеп шығарған құрғақ қалдық. Минералдылықтың өзгешелігі судың химиялық типімен анықталады. Судың минералдығының мөлшеріне қарай табиғи сулар: өте тұщы (0,2 г/дм3-ге дейін) тұщы (0,2—1,0 г/дм3) ащы (1-10 г/дм3) жай тұзды (10-35 г/дм3) өте тұзды (35-50 г/дм3) жай тұздық (50-75 г/дм3) тұздық (75- 150 г/дм3) тұзға қаныққан (150-330 г/дм3) тұзға өте қаныққан (330 г/дм3-ден астам) болып ажыратылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Химиялық құрамы бойынша Жер асты суы химиялық құрамы бойынша басым аниондары мен каиондарының негізінде жіктемеленеді.Басым аниондары бойынша бөлінген судың ең көп таралған кластары мыналар: гидрокарбонатты {НСО ~ >25%-экв.), сульфатты (іSO42 >25%-экв), хлоридты (СГ >25%-экв.), күрделі құрамды (сульфатты-гидрокарбонатты, хлоридті-гидрокарбонатты, т.б.)Егер суды жіктеген кезде түздардың құрамы туралы деректер иайдаланылса, онда гидрокарбонатты-кальцийлі, гидрокарбонатты- магнийлі, сульфатты-кальцийлі, хлоридті-кальцийлі және т.б. су бөлінеді. Осылайша, жер асты суын толық сипаттаған кезде оның жалпы минералдану дәрежесі бойынша класы және басым аниондары мен катиондары бойынша типі көрсетіледі. Мысалы, ТМД-ның суропалық бөлігіндегі тереңде жатқан сулы горизонттарды сипаттаған кезде, олардың жалпы минералдылығы 270-350 г/л, құрамы бойынша хлоридті-натрийлі және хлоридті-натрийлі-кальцийлі тұздықтардан тұратыны көрінеді. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында жалпы жағдайда анық білінетін тік бағыттағы гидрохимиялық белдемділік анықталады. Жоғарыдан төмен қарай су мына ретпен орналасады: идрокарбонатты, сульфатты, ал ең соңында хлоридті су белдемдері.Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2
Дереккөздер
География
Санат:Геология