Карпов Александр Федорович (туған- өлген жылы белгісіз) - Семейдегі әскери-губернатор. 1898 ж. Мұқыр сайлауында Абайға қастандық жасалып, Мұқыр сайлауы өтпей қалады да, ел тарап кетеді. Абайға қатысты оқиғаны жақсы білетін Карпов Батыс Сібір генерал-губернаторы барон М. А. Таубеге болыс бастығын сайлау арқылы емес, тағайындау жолымен бекітуін өтініп, телеграмма жібереді. Карпов рұқсат алысымен Мұқыр болысына басқа болыстың адамы Қаратай Жалбинді тағайындайды.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар