thumb|right|250px|Кагор Кагор— десерттік шараптар типі. Франциядағы Кагор қаласының атымен аталған. Жүзімнің бояуы қанық қызыл Саперави, Матраса. Морастель, Каберне-Совиньон сорттары нан дайындалады. Жүзім қант құрамы кемінде 20% болғанда жиналып, өңдеуге алынады. Кәдімгі кагорларда спирт пен қант теңдей шамада 16%-дан болады. Маркалы түрлері 3 жылда бабына келеді. Оларда спирт 16%, қант 18-25% аралығында болады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Тағы қараңыз Арақ Спирт Дереккөздер</span>
Санат:Шараптар