Сарқынды (ақаба) суларҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 – қоқыс қалдықтарымен ластанған, елді мекендер мен өндіріс орындарының аумағынан канализация жүйесі арқылы сыртқа ағызып жіберілетін сулар. Олар пайда болуына, құрамына және қоспалардың сапасына байланысты негізінен үшке бөлінеді: тұрмыстық, немесе шаруашылық-фекалдық (әжетханалардан, асүйлерден, моншалардан және тағы басқа келетін) сулар; өндіріс қалдықтарымен (зауыттардан, қасапханалардан және тағы басқа келетін) ластанған өнеркәсіптік сулар; атмосфералық, немесе нөсерлік сулар (жаңбыр және еріген қар суы).

Қазақстандағы жағдайы Қазақстандағы 90 ірі қаланың тек 60-ында ғана сарқынды суларды тазарту нысандары бар, олардың 65%-ы техникалық тұрғыдан тозған. Қазіргі уақытта еліміздегі суармалы жерлердің тек 51,6 мың гектары ғана төгінді сулар базасында орналасқан. Төгінді суларды қайта пайдаланудың озық тәжірибесі Шымкент қаласындағы тазарту станциясында іске асырылған. Онда «Айдро» өнімін қолдану арқылы жағымсыз иістер жойылып, тазартылған сумен 1000 гектардан астам ағаш екпелері мен мал азықтық дақылдар суарылады.Баймаханов Ө.С., Өмірзақов С.Ы., Ақылбаев Қ.И., Далдабаева Г.Т., Шегенбаев А.Т., Шалабаева Г.А. Қызылорда қаласы мысалында төгінді суларды ағаш екпелері мен малазықтық дақылдарды суару үшін ғылыми-демонстрациялық алаңды дайындау мен су сапасын бағалау // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің хабаршысы. – 2025. – № 74 (3-1). – Б. 317-325. – DOI: 10.52081/bkaku.2025.v74.i3-1.317

Дереккөздер

Санат:Геология