Көкөніс консервілері. Көкөніс консервілеріне қызанақ соусындағы көкөніс кесінділері, көкөніс уылдырығы, түстік консервілер, қоюландырылған қызанақ өнімдері, көкөніс шырындары, қызанақ шырыны жатады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том Қызанақ соусындағы көкөніс кесінділері. Арнайы дайындалып, домалақтап немесе кесектеп кесілген көкөністерден, қуырылған тамыр жемістер және т.б. қызанақ соусынан тұрады; бұлар ыдыстарға салынып, тұмшаланып жабылады және зарарсыздандырады. Көкөніс уылдырығы. Қуырылған көкөністерге қызанақ-паста немесе қызанақ езбесін, түз, қант, көктер, дәмдеуіштер қосып дайындалады. Кәдіден, баклажаннан, қызылшадан жасалады. Қоюлатылган қызанақ өнімдері. Езілген қызанақ массасын белгілі бір концентрацияға дейін қоюлатып алынған өнімдер. Көкөніс шырындары. Бұлар жаңа піскен өнімдерден дайындалған табиғи шырындарға жатады. Қызанақ шырыны — жаңа піскен қызанақтардан сығымдалып алынатын шырындар.

Тағы қараңыз Консервілеу Консервілер Алматы жеміс консервілеу зауыты Консерві өнеркәсібі Көкөністерді өңдеу Көкөністер Көкөніс, Жеміс-жидек қағы Консервілеу тәсілдері

Дереккөздер</span>