Орыс әдебиеті

Абай - қазақ әдебиетінің орыс өдебиетімен байланысын күшейтуге аса зор үлес қосқан қайраткер.

Абай заманы, ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен көз - қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Бұрынғы хан билейтін заман артта қалып, ел арасынан сайланған аға сұлтандар шыққан болса, ондай тәртіп те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ-ұсақ болыстарға бөлшектеніп, ел билеу тізгіні уезд бастықтарының - патша әкімдерінің қолына көшкен еді. Бұл болыстардың билікке таласуын, Ұлықтардың жолсыздығын, бассыздығын, парақорлыққа бейімділігін арттырды.

Қазақ жерінде Ресейден кешіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы - білім-ғылым үйренуеді.

Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы тұсініп, ұлттықұранға айналдырды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты күшейте тұсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерінел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын сөзді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас көбеймесе азайған жоқ.

Үнді елінің ежелден белгілі «Панчатантра» («Бес кітап»), арабтың «Калила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тотынама» әңгімелер жинағы, «Шахнама», «Сейфул-Мәлік», «Таһир – Зуһра», «Ләйлі - Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лұқпан Хакім туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа құбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай,орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейдің тарихынан, орыс халқының өмірінен хабарлар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған Ұлық-әкімдерді білу үшін де қажет еді.

Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеалдардың жаршысы бола алатыны көп оқып, көп тоқыған Абай назарынан тыс қалмағаны анық. Ол 13 жасында Семей қаласында медреседе оқып жүрген кезінде «Приходская школаға» түсіп, орысша оқыды. Бірақ бұл оқу үш айдан аспайды. Жас Абай ел билеу ісіне араласып кетеді. Оның орысша кітаптарды, орыс әдебиетін оқуға шындап кіріскен уақыты - жасы 30-дан асқан көзі. Абайдың Семейге жер аударылып келген Е.П. Михаэлиспен танысуы осы тұста. Михаэлис Петербургте 60 жылдары студенттер қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі болғаны үшін,біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек, 1869 ж. Семейге келіп орналасқан. Абай 1870 ж. Семей кітапханасында Л. Толстодың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық. Бұл жылдары Абай қыс көзінде үш-төрт ай бойы Семейде жатып, кітапханадан әр түрлі кітаптар алып оқып жүреді. Сонда Михаэлиспен жиі көздесіп, кеңесетін болған. Жасынан Н. Г. Чернышевскийдің революциялық идеяларына кеңіл бұрған, ғылымның әр саласынан хабары мол, әсіресе орыстың қоғамдық ой-пікірлерінен терең мағлұматы бар осы бір айрықша білімдар адаммен жақсы таныс, жақын болуы Абайдың орыс әдебиеті, сыны, тарихы ғана емес, жалпы қоғамдық ғылымдар бойынша да көптеген құнды кітаптар оқуына ықпалы аз болмаса керек. Сонымен қатар бұлардың қарым-қатынасы Михаэлиске де пайдалы болғаны сөзсіз.

Жергілікті халық - қазақтың өмірін, тұрмыс-жағдайын жете білу оған да аса қажет еді. Михаэлис кейінірек Семейде құрылған Статистикалық Комитеттің хатшысы қызметін атқарып, қазақ даласының шаруашылық, географ. жағдайын зерттеуде елеулі еңбек еткенін ескерсек, оның Абайдан көп нәрсе естіп-білгені, үйренгені анық. Абай Михаэлиспен достасып, аралас-құралас болып жүріп, Н. И. Долгополов, С.С. Гросс сияқты Семейге айдалып келген бірнеше адамдармен де жақын танысады.

Бұлар жас көзінде рев. қозғалысқа қатысып көзге түскен, ал кейін орыс мәдениеті мен ғылымына өз қадырынша елеулі үлес қосқан адамдар. Сондықтан олар Абайға орыс халқының өмір-тұрмысынан әр түрлі мағлұмат берген болса, соның өзі оның орыс мәдениетін, әдебиетін еркін игеруіне себін тигізген деуге лайық. Ал әдебиет, тарих, қоғамдық мәселөлерді айтсақ, Абайдың ой-өрісін, дүние-танымын кеңейтіп, шырқау биікке кетерген, әрине, орыстың Александр Сергеевич Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Л. Н. Толстой, Н. А. Некрасов, И. С. Тургенев, М. Е. Салтыков-Щедрин секілді ең көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің шығармаларын оқып, олардың Өзық ой-пікірлерімен тікелей танысуы екенін атап айтқан жөн. Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге кәп күш жүмсаған.

thumb

Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық. Жоғарыда аталған «Русский Вестник» журналымен қатар, 1909 жылғы Абай өлеңдерінің жинағында берілген Кәкітай Ысқақұлының мақаласына қарағанда, ақын Чернышевскийдің «Современник» журналында басылған әдеби шығармаларды оқып отырған. Орыс әдебиетінен оқығаны қаншалық көп болсада, Абай поэзиялықшығармалардыаударуға немесе еркін тәржімелеп, сарындас өлең жазуға келгенде үлкен талғампаздық танытып, кейбір өлеңдерді іріктеп қана алған. Пушкин, Лермонтов, Крыловтан басқа ақындардың шығармаларын сирек аударған Я. П. Полонскийден «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы...», И. А. Буниннен «Қорқытпа мені дауылдан» деген өлеңдер, басқа ақындардан тек екі-үш өлең ғана аударады.

Абай аудармалары жайлы сөз болғанда, алдымен айқындап аларлық жай - олардың біртапайы бүгінгі қалыптасқан мағынадағы аударма емес, Абайдың қолынан шыққан бара-бар, дәлме-дәл аударма дерлік өлеңдер бар да, сонымен қатар еркін тәржімөлеңген, әр түрлі өзгерістер енгізілгендіктен сарындас шығарма дерліктей сипат алғандары және аз емес. Осы топтағы шығармалардың ішінде төлтума туындыға айналған өлеңдер де бар. Сондықтан аударма өлеңдердегі сәйкес дәлме- дәл тұсетін тұстарын артықшылығы, ал өзғеше, өзгертіліп берілетін жерлерін кемістігі деп санау қисынға келмейді. Өйткені Абай аударып отырған өлеңінің мағынасын бастан-аяқдәл, тура жеткізуге үнемі үмтылмайды, «Жарым жақсы киім киіп...» деп басталатын Онегиннің өлердегі сөзін Абай түгелдей өз жанынан шығарған, «Евгений Онегин» романында Онегиннің өлімі туралы тура ештеңе айтылмайды. Рас, қолжазба нүсқалардың бірінде Онегиннің аузына «Мен неге оқтан жарақаттанбадым?» («Зачем я пулей в грудь не ранен?») деп сөз салатыны бар. Бірақ Онегиннің елімін айтуы Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі деп санаған орынды. Орыс әдебиетіне зер салғанда Абай назарының алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес-ті.

Пушкин еңбегі

Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлдем жаңа классик. әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі - барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз енерін қалыгггастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған көзінде қазақ халқына сүйіспеншілік сөзіммен қарап, оныңөміріне, әдет- ғүрпына, мәдениетіне зер салды. Ол қазақ жігіттерінің Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қатар қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Ұлы Ресейдің барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі - «Евгений Онегин» шын мағынасында халықтық шығарма.

Мұндағы басты кейіпкерлердің төменгі таптан шыққан адамдар емес екені рас. Бірақ ең маңызды нәрсе - Онегин мен Татьяна, Ленский мен Ольга - осылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы турғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін тұсіне білуі - артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы - осалдығы болып шығады. Мұны кезінде Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын. Пушкин өз романында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, дворяндар мен шаруалардың өзара қарым-қатынасын да айқын керсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыс тірлігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және керкем бейнелегендіктен бұл шығарма шын мәнінде «орыс өмірінің энциклопедиясы» болды. Әрине, Пушкиннің дастандары «Борис Годунов» атты драмасы, «Дубровский», «Капитан қызы» секілді шығармаларында сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи оқиғалар, мол өмір шындығы жатыр. Алайда «Евгений Онегиннің» алатын орны ерекше. Бұл - Пушкиннің ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының сүйікті перзенті, Пушкиннің тұлғасы «Онегинде» көрінгендей ақын түлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар өте сирек кездеседі. «Мунда оның бар өмірі, барлық жан сыры, барлық махаббаты да, сөзімдері, ұғым тұсініктері, идеалдары да айқын көрініс тапқан» деген Белинскийдің пікірі көп жайды аңғартады. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бүрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында еткен ғасырдың аяқ кезінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы - Ұлы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ, Татьяна әнінің осындай көпшілікке жағымды болуының сыры қазақтың өлең-жырға, әнге құмарлығында ғана емес, орыс халқының өміріне қазақ жұртының мейірімді сезіммен қарағандығында еді. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, қазақ әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің Ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абай Ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес. Ол өз дәуіріндегі қазақ әдебиетінде бір көзде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті кетеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкиннің мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Әсет, Әріп сияқты ақындардың «Евгений Онегинді» дастан етіп айтып жүргені Абай орнықтырған дәстүрдің сол көздің өзінде-ақ жалғастық тапқанын керсетеді.

Лермонтов еңбегі