II Құмар шейх (Омар Шейх) (Өзбек. Umar shayx mirzo)(1456-95) — Ферғана алқабының әмірі. Ол Әбу Саид Мырзаның төртінші ұлы және Әмір Темірдің ұрпағы болған, Қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Шығыс Иран аумағындағы Тимуридтер империясының билеушісі болды. Бабырдың әкесі.
Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде Құмар шаихтың «Әмір-Темір нәсілінен» екенін айтады. Осыған қарағанда ақын Әмір-Темір, Бабыр әулеттері шежіресін жақсы білген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Абай энциклопедиясы