Бақыт Ғабдуллин (1923 жылы т.) - философия ғылымдарының кандидаты (1960), доцент.

Ғылыми еңбектері 1950 жылдардан бастап Абайдың философиялық, әлеуметтік, адамгершілік, этика, таным-толғамдары, дінге көзқарасы мәселелерін зерттеумен айналысып, оннан астам ғылыми мақала жариялады. «Абайдың Сократтың этикалық көзқарасына сыны туралы бірер сөз» («Научные доклады высшей школы». Философские науки. 1960, № 2). «Абай және Сократ» (Абай тағлымы, А., 1986). «Абайдың Сократ шығармаларымен таныстығы туралы» (Қазақстан мектебі, 1960, № 1). «Абайдың дін туралы түсініктері» («Қазақстан коммунисі», 1960, № 8) т. б. мақалаларында ақынның дінге көзқарасына жан-жақты талдау жасап, тәңірі мен адамның арақатысы, иман туралы ақын тұжырымдарын ашып көрсетті, оның көне заман философы Сократпен ақыл, білім туралы ортақ ойларын салыстыра зерттеді. «Абайдың этикалық көзқарасы» (1970) «Шоқан, Ыбырай және Абай дін туралы» (1988) деген арнаулы монографиялық зерттеулерін шығарды. 1960 ж. ақынның этикалық көзқарасы тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Абайтанушылар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының кандидаттары