Су көзіҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2— жер асты суларының жер бетіне (кейде су астына) өздігінен шоғырлана шығатын жері. Су көздері былайша бөлінеді гидродинамикалық белгілері бойынша: өрлеме және ылдилама су көздері. айда болу және жер бетіне шығу жағдайларына қарай жер асты су ағыны қимасының азаюы нәтижесінде пайда болатын, сулы таужыныстың табиғи аяқталған жерінде (шет жағында) пайда болатын, сулы қаттың (қабаттың) эрозиялык қиылған тұстарындағы — қаттық асып төгілетін, бөгеттік, кедергілік және тіреулік, жарықшақтық, карстық, желілік, лықсымалық, кезектесетін және сифондык су көздері. Су шығыны бойынша (м3/с): > 10; 1-10; 0,1-1; 0,01-0,1; 0,001—0,01; 0,0001-0,001; 0,00001-0,0001; < 0,00001. Бар болуының тұрақтылығы бойынша: тұрақты, оқтындық, кезектесетін, маусымдық, суалмалы (уақытша), ырғақты, тапшы (жетімсіз, қанағаттанғысыз) және тағы басқа Химизмі бойынша: тұщы; минералды. Температурасы бойынша: қайнап жатқан, гипертермалды, термалды, субтермалды немесе жылы, суық, өте суық, мұздай, теріс температуралы.
Дереккөздер
Санат:Геология