Дмитрий Григорьевич Элбакидзе (1923-1979) - мүсінші. Монумент өнері саласында жұмыс істеген.

Абайдың 125 жылдық мерейтойына арнап ақынның бюст портретін (қола, құйма, Қазақстан Республикасының мемл. орталық музейі қоры) жасаған. 1977 ж. Семей қ-ндағы Абай алаңына орнатылған ескерткіштің авторы (гранит, биік. 850 см). Сол қолына кітап ұстап, оң қолын кеуде тұсына көтерген ақын тұлғасы ойлы, сабырлы кейіп танытады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:1923 жылы туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Абай Құнанбайұлы