Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ҰҚШҰ () — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен құрылды.

Кейіннен ҰҚК ұйымына Әзірбайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Келісім 1994 жылы 20 сәуірде ратификация процесі аяқталғаннан кейін, 5 жыл мерзімге күшіне енді. Келісімді тағы 5 жылға ұзарту жөніндегі Хаттамаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан президенттері 1999 жылы 2 сәуірде қол қойды.

Бұл Хаттамамен Келісімнің мерзімін өздігінен 5 жыл өткен сайын ұзартып отыру қарастырылған. Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан Келісімнің мерзімін ұзартпады.

Мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру; орын алып отырған немесе ықтимал аймақтық немесе шағын қақтығыстардың алдын алу, шешімін табу; халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес.

2002 жылы ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Ұйымына өзгерді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Самиттер тізімі Күні Өткізу жері 1 15 мамыр 1992,Ташкент 2 6 маусым 1992, Мәскеу 3 24 желтоқсан 1993, Ашхабад 4 10 ақпан 1994, Алматы 5 25 мамыр 1995 Беларусь, Минск 6 3 қараша 1995, Мәскеу 7 17 мамыр 1996, Мәскеу 8 28 наурыз 1997, Мәскеу 9 5 наурыз 1998, Мәскеу 10 2 сәуір 1999, Мәскеу 11 29 маусым 2000, Мәскеу 12 25 мамыр 2001, Ереван 13 12 мамыр 2002, Мәскеу 14 28 сәуір 2003, Душанбе 15 18 маусым 2004, Астана 16 23 маусым 2005, Мәскеу 17 23 маусым 2006, Минск 18 6 қазан 2007, Душанбе 19 5 қыркүйек 2008, Мәскеу 20 4 ақпан 2009, Мәскеу (Кезектен тыс саммит) 21 15 маусым 2009, Мәскеу 22 10 желтоқсан 2010, Мәскеу 23 12 тамыз 2011, Астана 24 15 мамыр 2012, Мәскеу 25 23 қыркүйек 2013, Сочи 26 8 мамыр 2014, Мәскеу 27 23 желтоқсан 2014, Мәскеу 28 15 қыркүйек 2015, Душанбе2914 қазан 2016, Ереван3030 қараша 2017, Минск3123 мамыр 2018, Астана3228 қараша 2019, Бішкек332 желтоқсан 2020Видеоконференция ретінде жүргізілді3416 қыркүйек 2021Видеоконференция ретінде жүргізілді3510 қаңтар 2022Видеоконференция ретінде жүргізілді3616 мамыр 2022, Мәскеу3723 қараша 2022, Ереван3815 желтоқсан 2022, Санкт-Петербург

Мүшелері thumb|right|ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары, сол жақтан оңға: Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ҰҚШҰ қазіргі мүше-мемлекеттері: Мемлекет Ену күні 15 мамыр 1992 31 желтоқсан 1993 15 мамыр 1992 15 мамыр 1992 15 мамыр 1992 15 мамыр 1992right|230x230pxПарламенттік Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мемлекеттер: (11 сәуірден 2013)Афганистан и Сербия стали наблюдателями при ПА ОДКБ — РИА Новости, 11.04.2013Нарышкин: Иран мог бы стать наблюдателем в Парламентской ассамблее ОДКБ // ТАСС, 06.11.2014 (11 сәуірден 2013)

Бұрынғы мүше елдер: (1993–1999) (1993–1999) (1992–1999, 2006–2012)Узбекистан второй раз выходит из ОДКБ // РИА Новости, 28.06.2012

Бас хатшылар Николай Николаевич Бордюжа (28 сәуір 2003 — 31 желтоқсан 2016), генерал-полковник; Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қаңтар 2017 — 13 сәуір 2017), генерал-полковник; Юрий Григорьевич Хачатуров (14 сәуір 2017 — 2 қараша 2018), генерал-полковник; Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қараша 2018 — 31 желтоқсан 2019), генерал-полковник; Станислав Васильевич Зась (1 қаңтар 2020 жыл — 23 қараша 2022), генерал-лейтенант. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (23 қараша 2022 бастап)

Дереккөздер

Санат:ТМД Санат:Халықаралық саясат Санат:Халықаралық конвенциялар Санат:1994 жылы пайда болғандар Санат:Әскери-саяси одақтар