Халықаралық Алматы Әуежайы () Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы және жүктердің 68% өтеді. Euromoney: ISI Intellinews http://www.euromoney.com/article.asp?ArticleID=1856080 2011 жылы әуежай 3,665,538 жолаушыға қызмет көрсеткен (2010 жылмен салыстырғанда 19%-тік өсім). Almaty International Airport (official site) Әуежайды «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ басқарады, акцияларының 100% түрік TAV Airports Holding компаниясына тиесілі .
17 ақпанда Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 32 сессиясы өтіп, Алматы әуежайының әуеайлағы ең үздік әуеайлақ атағына ие болдыХалықаралық Алматы әуежайының әуеайлағы ТМД елдеріндегі ең үздік әуеайлағы атанды
Тарихы thumb|left|Кеңес дәуірінде болған ескі терминал Алматының алғашқы әуежайы 1923 жылы қазіргі Орталық стадионның жанындағы Верное ипподромының алаңында салынды. Бастапқы әуежай ғимараты, қазіргі Халықаралық әуежай ғимараты, 1936 жылы салынған (жобалаған сәулетшілер Б. Заварзин мен Г. Элкин). Т. Басенов жобалау мен құрылысқа айтарлықтай үлес қосты.
Ғимараттың сәулеті ұлттық сәулет өнерінің стильдік ерекшеліктерін біріктіріп, оған шығыс стилін береді. Сұраныстың артуына байланысты 1974 жылы алғашқы жолаушыларын қабылдаған Алматыда жаңа әуежай салу туралы шешім қабылданды (сәулетшілер В. Ищенко, О. Наумова, О. Литвиенко және Ю. Шарапова). Кеңес дәуірінде Алматы әуежайы Ленин орденімен марапатталды.
1990 жылға дейін ол Кеңес Азаматтық Авиация Департаментінің бөлігі болып, 1991 жылы "Алматы Әуежайы" болып қайта құрылды. Сол кезден бері әуежай тәуелсіз бизнес бірлік ретінде өз жұмысын жалғастырды. Кейін ол Халықаралық Алматы Әуежайы ЖШС болып қайта аталды.
1998 жылы әуежай ұшып-қону жолағы (ҰҚЖ) жөндеуден өткеннен кейін, Алматы Әуежайы II категорияға ие болып, Халықаралық Әуежай статусын алды.
1999 жылдың 9-10 шілдесіне қараған түні Алматыдағы бұл әуежай ғимараты өртеніп кетті. Өрттен зақымдалмаған ескі әуежай ғимараты 2004 жылы қалпына келтіріліп, 2007 жылы бизнес-терминал есігін ашты. Алматы әуежайы Оңтүстік Шығыс Азиядан Еуропаға және кері бағыттағы қолайлы географиялық орналасуға ие. Бүгінде ол барлық типтегі ұшақтарды қабылдай алатын Қазақстандағы ең ірі әуежай болып табылады.
1999 жылдың 9 шілдесінде әуежай ресторанында өрт басталып, бүкіл әуежай терминалы жанып кетті. Жаңа терминалдың құрылысы 2004 жылы аяқталды. нобай|288px|Алматы Халықаралық әуежайының ұшақ паркі, 2007 жыл Алматы Әуежайы Air Astana ұлттық тасымалдаушының хабы болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы жүк тасымалдау хабы.
2008 жылдың қыркүйек айында екінші ұшып-қону жолағы ашылды. Жаңа ұшып-қону жолағына ICAO сертификаты беріліп, оған III категория берілді. Жолақ сапасы мен онда орнатылған заманауи құрал жабдықтар ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа ұшып-қону жолағы Орталық Азияда ең ұзын болып табылады. Әлем бойынша 21-орынға жайғасқан.
250px|нобай нобай|оңға|250px|Әуежайдың ұшаққа отыру залы 250 px|нобай|Әуежай тұрағындағы ұшақтар
Әуекомпаниялар мен бағытар Ішкі
Халықаралық
Note: : Although BMI's flight to London-Heathrow has a stop in Amritsar. It has no rights to transport passengers solely between Almaty and Amritsar.
Ұшақ сиымдылығы Халықаралық Алматы әуежайына қонуға болатын ұшақтар тізімі көрсетілген. Boeing ұшақтары: Ұшақ аты Керек ұшу-қону жолақ ұзындығы Boeing 737-100 2000 м Boeing 737-200 2300 м Boeing 737-300 2400 м Boeing 737-400 2500 м Boeing 737-500 2300 м Boeing 737-600 2400 м Boeing 737-700 2600 м Boeing 737 MAX 8 2700 м Boeing 737 MAX 9 2800 м Boeing 747-200 3000 м Boeing 747-400F 3100 м Boeing 747-8F 3200 м Boeing 767 2800 м Boeing 777F 3300 м Airbus ұшақтары: Ұшақ аты Керек ұшу-қону жолақ ұзындығы Airbus A320 2200 м Airbus A321 2300 м Airbus A320neo 2300 м Airbus A330 2800 м
Жолаушылар тасымалы Жолаушылар тасымалы бойынша Алматы әуежайы Қазақстандағы ең ірі ауежай болып табылады.
+ЖылЖолаушылар саныӨзгеріс20103,000,00020113,665,538 22.2%20124,003,004 9.2%20134,323,224 8%20144,588,866 6%20154,905,307 6.9%20164,878,450 0.5%20175,640,800 15.6%20185,686,926 1%20196,422,721 13%20203,669,668https://kz.kursiv.media/2021-04-23/mezhdunarodnyy-aeroport-almaty-snizil-chistuyu-pribyl-v-sem-raz/ 42.9%20216,103,657https://cfts.org.ua/news/2022/01/26/passazhiropotok_krupneyshego_aeroporta_kazakhstana_v_2021_godu_pochti_dostig_dopandemiynogo_urovnya_68758 66.3%
Болашағы Қазіргі уақытта, әуежайда жаңа терминал салынуда. Жаңа терминалды 2024 жылдың жаз мезгілінде іске қосу жоспарланған. Жаңа терминалдың басты артықшылығы advanced EDGE стандартына (экологиялық таза ғимараттарды сертификаттау жүйесі) сай болады. Айталық, энергияның 40%-дан астамын, судың 20%-дан астамын көлемін, сондай-ақ құрылыс кезінде материалдардың 20%-дан астамын үнемдеу көзделген. Бұдан бөлек салынып жатқан терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) стандарты бойынша Optimum деңгейіндегі сервиспен қамтамасыз етіледі. Әуежайға қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы жылдам, сапалы қызмет көрсетуді қамтып, шығындарды оңтайландыруға бағытталған. TAV Airports Holding Алматы әуежайын Орталық Азиядағы ірі жүк хабына айналдырып, Алматы облысын ілгерілетумен бірге Қазақстанға жаңа авиакомпанияларды тартуды жоспарлап отыр.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Халықаралық Алматы әуежайы (ресми сайты) Халықаралық Алматы әуежайынан ұшықып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бағылаулары
Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Халықаралық әуежайлар Санат:Алматы ғимараттары мен құрылыстары Санат:Алматы көлігі