Түяқ көбесі (копытная кайма) (limbus ungulae, лат. limbus — көбе, жиек; ungula — түяқ) — терінің мүйіз түяққа ауысатын жеріндегі жіңішке аралық. Түяқ көбесі эпидермистен, дермадан және шел қабатынан тұрады. Оның эпидермисінен мүйіз түяқтың сыртқы қабығы — жылтыр мүйіз (глазурь) өсіп жетіледі.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология