__NOTITLECONVERT__
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (, -{TÜRKSOY}-) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.
1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.
Түркия Республикасы ұйымның атқарушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.
1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) ұйымның Бас хатшысы болып сайланған. 2008 ж. бастап Дүйсен Құрабайұлы Қасейінов, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, ,бес рет ((2008, 2011, 2014, 2017, 2020)) ұйымның Бас хатшысы болып сайланды.
Мақсаттары
Ұйымның басты мақсаттары: Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау. Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу. Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру. Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту. Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.
Мүшелер ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.
Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды. Мүшелері Тілі Түсіндірмелер Әзербайжан тілі Қазақ тілі Қырғыз тілі Өзбек тілі Түрік тілі Түрікмен тілі Қараушы елдер тілі Notlar Башқұртстан Башқұрт тілі Татарстан Татар тілі Ғағауызстан Ғағауыз тілі Түрік тілі Хакасия Хақас тілі
Тағы қараңыз Түркі тілді аумақтар тізімі
Сыртқы сілтемелер TÜRKSOY ресми торабы
Санат:Халықаралық ұйымдар