нобай|1 эпифиз, 2 гипофиз, 3 қалқанша без, 4 айырша без, 5 бүйрекүсті безі, 6 ұйқы безі, 7 аналық без, 8 жұмалақ Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino —бөлу) — гормондарын организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді.
Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері):
орталық эндокринді бездер гипоталамус гипофиз эпифиз шеткі эндокринді бездер қалқанша қалқанша маңы бүйрекүсті бездері
Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Ағзада гормондар мөлшерінен көп бөлінсе гиперфунция, мөлшерінен аз бөлінсе гипофункция деп атайды. Гормондардың мөлшерден тыс көп бөлінуі де, аз бөлінуі де қауіпті. Кез келген бездің гипер және гипофункциясы қауіпті ауру тудыруы мүмкін. +Ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуыОқушы анықтамасы. 5-11 сыныптар. Арман баспасы, 2 кітап, 2003. 307 бет.БездерГормондарГиперфункция (артық әсер етуі)Гипофункция (жеткіліксіз әсер ету)ГипофизӨсу гормоныАлыптылық — жас кезінде барлық дененің қарқынды өсуі. Акромегалия — дененің жеке мүшелерінің тез өсуі (қаңқа сүйектері, аяқтары, мұрны)Гипофизарлық ергежейлік — қалыпты ақыл-естің дамуына қарамастан бойдың өспей қалуыҚалқанша безТироксияБақшаңкөз (базедова болезнь) ауруы, зат алмасуы жоғары, нерв жүйесі қозғыш, зобтың дамуыМикседема — зат алмасуы төмен, нерв жүйесінің қозғыштығы әлсіз, ісіну. Кретенизм — өсіп келе жатқан организмге тән, дененің пропорциясы бұзылады, өсуі, жыныс және психикалық дамуы баяулайдыБүйрекүсті безіКортикоидыБойдың өсуі тез тоқталып, ерте жыныс жетіледіЖез ауруы: тері сары түсті болады, әлсіздік, арықтауҰйқы безіИнсулинГипогликемия қанда инсулиннің күрт көбейіп кетуінен және ондағы глюкозаның азаюынан мидың әрекеті (есін жоғалту және тартып қалуынан) пайда боладыҚант диабеті — қанттың (глюкозаның) қанда нормадан тыс көбейіп кетуі. Глюкоза клетға түспегендіктен, оның тіршілік әрекеті бұзылады да, ол есі айырылуға, өлімге әкеліп соғуы мүмкін Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65 г-ға жетеді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады. Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ергежейлілік пайда болады. Ал артық түзілген жағдайда (гиперфункция) алыптық ауруына шалдығады. Адамының сүйектері 25 жасқа дейін ұзарып өседі. Акромегалия – ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлуінен пайда болатын ауру. Бұл жағдайда адамның саусақтары, аяқ және бет сүйектері ұзарып өседі.
Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері Тироксин Қалқанша безі Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады Паратгормон Қалқаншамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейдіИнсулин Ұйқыбездің аралды бөлігі Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етедіГлюкагон -"- Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етедіАдреналин Бүйрекүсті бездің без заты Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді Норадреналин -"- Қантамырларын тарылтады Өсу гормоны [соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді Гиреотропты гормон -"- Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді Адренокортикотропты гормон [АКТГ) -"- Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді Экцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді Вазопрессин Example Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х
Дереккөздер
Санат:Эндокриндік жүйе Санат:Анатомия