Митоз үршығы (митотическое веретено); (fusus mitoticus; — ұршық, mit ~ жіп) — жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін құрылым. Митоз ұршығы профаза кезеңінде түзілетін митоздық аппараттың құрамына кіреді. Митоз ұршығының бас-қаша атауы — ахроматин ұршығы. Митоз ұршығының қалыптасуы профазада басталып, -жасушаның қарама-қарсы полюсіне ажыраған центриольдердің аралығында, сан жағынан екі еселенген хромосомаларды жасуша полюстеріне қарай ажырататын, пішіні ұршыққа ұқсас жіңішке протеиндік жіпшелер түзіледі. Оны митоз ұршығы деп атайды.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология