thumb|left| e - Астарthumb|right|Tunica intima - АстарАстар (; — ішкі, астар) - қан (артериялар, веналар, артериолалар, венулалар, капиллярлар) және лимфа (лимфа капиллярлары, әкелгіш және әкеткіш лимфа тамырлары, лимфа өзектері) тамырларының ішкі қабығы. Артериялар астары, яғни интимасы үш қабаттан: ішкі — эндотелий қабатынан, ортаңғы — эндотелийасты қабатынан және сыртқы — ішкі эластинді жарғақтан құралған. Ал қалған тамырлардың (веналардың, артериолалардың, венулалардың, капиллярлардың, лимфа тамырларының) интимасы тек екі қабаттан тұрады. Оларда ішкі эластинді жарғақ болмайды. Лимфа капиллярлары мен жіңішке лимфа тамырлары интимасында, эндотелий мен эндотелийасты қабаттарының шекарасында негіздік жарғақ болмайды. Веналар мен лимфа тамырларының интимасында тек жүрекке қарай ашылатын қалташа қақпақшалар (клапандар) болады.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология
it:Intima