Баймұқанбетов Жанай (1903-1937), жазушы Мұхтар Әуезовтің кейіпкері.

Азамат соғысы жылдарында бөлімше комиссары болған. 1933 ж. Мәскеуде Қызыл профессура институтын бітіріп, 1933-35 ж. «Аптай- алтын» тресіне қарасты Ақжал кен басқармасыңда партиялық жұмысты үйымдастырушы болып істеген. 1935-37ж. Баймұқанбетов Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінде өнеркәсіп белімінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің 2- хатшысы қызметін атқарған. Әуезов 1935 ж. Ақжалда болған кезінде Баймұқанбетовтың ұйымдастыру-тәрбиелік іс-әрекетін көзімен көріп, «Баймұханбетұлы Жолдас» деген мақала жазып, сол жылғы 26 қазанда «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялаған. Одан бұрын 1935 ж. 23 қазанда «Правда» газетінде «Товарищ Жанай» деген атпен басылып шықты.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

Дереккөздер

Санат:Мұхтар Әуезов шығармалары Санат:Әдеби кейіпкерлер