Абыралы Мырзабаев (1827–1918), Абай елінің адамы. Абайдың «Абыралыға» деген өлеңі бар. Абайдың інісі Ысқақ Құнанбаев болыстық құрғанда, Абыралы 6 жыл оның кандидаты болған. Өзі оқымаған адам болса да ораза-намаздан қалмаған. Содан барып «Абыралыға» деген өлеңі туған. Абыралының бейіті «Қосқұдық» деген жерде. Әуезов:
«Абайдың біртіндеп өсуіне қонымды, сыйымды тек Абай ғана айтарлық өлеңдер болса, неге беземіз? «Абыралыға», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік», «Жарқ етпес» Абай жазуға лайық емес деп кім айта алады. Осылардан реалист сатирик болатын сыншы, ойшыл Абай көрініп тұрған жоқ па? «Абыралыға» тіпті қызық, «пошел» деген орыс сөзімен Құран аятын араластыра мысқылдайды, богохульство... бұны да Абай ғана айта алады»
деген («Абайтанудан жарияланбаған материалдар», 47-бет).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601- 282-175-8
Дереккөздер
Санат:1827 жылы туғандар Санат:1918 жылы қайтыс болғандар