Қайрат Өмірбайұлы Сақ - алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1964 жылы Түркістан облысы Төле би ауданының Төңкеріс ауылында дүниеге келген. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына байланысты ғылыми мақалалардың авторы.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің деканы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан. Білімі 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша журналистика факультетін үздік тәмамдаған. 1993-1996 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөілімінің аспиранты. Ғылыми атағы мен дәрежесі Филология ғылымдарының кандидаты (10.01.10 - журналистика), 1998 ж. «Әдебиеттану» мамандығы бойынша ЖАК доценті (2002 ж.). Мансап Журналистика мамандығы бойынша еңбек жолын «Шалқар» газетінде тілші қызметінде бастаған. «Дала уәлаятының газеті» энциклопедиялық жинағының 4-5 томдарын құрастыруға қатысқан. «Қазақ газетіндегі ұлттық саяси-әлеуметтік мәселелердің жазылуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 1997 жылы жарық көрген «Қазақ» газеті жинағын құрастырушы авторлардың бірі. 1990-1993 жж. - «Отан» қоғамының жанынан «Біздің отан» газетінің тілшісі; «Қазақстан» қоғамының аға маманы; 1993-1996 жж. - «Қазақ» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары; 1996-1998 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің «Журналистика тарихы» кафедрасының аға оқытушысы; 1998-2000 жж. - «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, «Қазақ университеті» газетінің баспахана директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Баспа ісі және әдеби редакциялау» кафедрасының доценті; 2000-2008 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Баспа ісі және әдеби редакциялау» кафедрасының меңгерушісі; 2008-2010 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың филология факультетінің «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі; 2010-2011 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың журналистика және саясаттану факультетінің «Баспасөз және баспа ісі» кафедрасының меңгерушісі, профессор; 2011 ж. – қазіргі таңда Сақ Қайрат Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың журналистика және саясаттану факультетінің деканы. Шетел тағылымдамалары: 1992 ж. – Осло қаласы (Норвегия); 2008 ж. – Ыстамбұл қаласы(Түркия); 2009 ж. – Бесторос қаласы (Швеция); 2011 ж. – Үрімші (ҚХР); 2011 ж. – Париж қаласы (Франция); 2012 ж. – Ыстамбұл қаласы (Түркия).
Марапаттар мен сыйақылар Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» (2001 ж.) номинациясының дипломанты; «Ұлттық сана ұйытқысы» (2002 ж.) оқу құралы үшін Қазақстан Журналистер Одағының сыйақы иегері; Қазақстан Республикасының «Жылдың ең үздік оқытушысы» (2007 ж.) мемлекеттік грант иегері; А.Байтұрсыновтың ұлт мұрасын ұлықтауда өлшеусіз үлес қосқаны үшін Алматы қаласының тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен; ҚР-дың мәдениет қайраткері (2010 ж.). ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдығы қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Б.Ж. Әбдірайымның «Құрмет» грамотасымен; ҚР-дың «Тіл туралы» (2010 ж.) Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай мемлекеттік тілді насихаттауда белсенді атсалысқаны үшін Астана қаласының ішкі саясат басқармасының алғыс хатымен; Университетте өтетін конференциялар мен іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықовтың алғыс хатымен (2012 ж.) марапатталған.
Ғылыми қызығушылығы Алаш публицистикасының тарихы мен тәжірибесі; Журналистика теориясы мен тәжірибесі; Қазақ журналистикасының тарихы; Публицистикатану; Кітаптану. Дереккөздер
Санат:Алаш қозғалысы Санат:Еуразиялық ұлттық университеті қызметкерлері