Жапония (, аударғанда «Күншығыс елі», ресми атауы ) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет.
Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халық саны 126 млн. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні күні).
Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. XIX ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.
Халқы Жапония — бір ұлтты мемлекет. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синтоизм және буддизм.
Әкімшілігі Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI—IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
Қалалары thumb|left|250px| Токио
Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.
Жапонияның ең үлкен қалалары: Токио Иокогама Осака Нагоя Саппоро Кобе Киото Фукуока Кавасаки Сайтама
Табиғаты thumb|Дайканбо Станциясы Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу, Эчиго, Хида, Кисо, Аканши (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Ишикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Ұлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.
Климат Жапония төрт мезгілі бар температуралық аймаққа жатады, бірақ оның климаты солтүстіктегі төмен температурадан оңтүстікте субтропиктікке дейін созылады. Климат сонымен қатар қыста континенттен және керісінше жазда соғатын маусымдық желге байланысты.
Жапонияны шамамен алты климаттық аймаққа бөлуге болады:
Хоккайдо төмен температура аймағына жатады, ол ұзақ қыста аязды және жазда салқын болады. Жапон теңізінде солтүстік-шығыстық маусымдық жел қыста қалың қар жауады. Тынық мұхит аймағына қарағанда жаз аз жылы, бірақ кейде фёноменге байланысты өте жоғары температура байқалады. Орталық таулардың климаты - бұл қыс пен жаздың, түн мен күннің температурасы әр түрлі өзгеретін типтік арал климаты. Ішкі теңіз аймағы Чугоку және Сикоку аймақтарындағы таулардың маусымдық желдерді жауып тұруына байланысты қалыпты климатқа ие. Тынық мұхитына суық қыста мезгіл-мезгіл қар жауады, ал жазда оңтүстік-шығыс маусымдық жел кезінде ыстық және ылғалды болады. Оңтүстік-батыс аралдары - субтропикалық аймақ. Қыс жылы, жаз ыстық. Жауын-шашын деңгейі өте жоғары, бұл жаңбырлы маусымның болуы мен тайфундардың пайда болуынан көрінеді.
Табиғи қауіпті жағдайлар
Жапон аралдары - Тынық мұхитындағы от сақинасының бөлігі. 1990 жылдардың басында әлемдегі вулкандық белсенділіктің 10% -ы Жапонияда тіркелген. Жыл сайын күші 4-тен 6-ға дейін 1500-ге дейін жер сілкінісі сирек емес. Еліміздің әр түкпірінде күн сайын ұсақ жер сілкіністері болып, ғимараттар шайқалуда.
Жапония бірнеше ірі жер сілкіністерін бастан кешірді:
1923 жылы 1 қыркүйекте Кантодағы үлкен жер сілкінісі болды (магнитудасы 8,3), ең қатты зардап шеккен Токио мен Йокогама қалалары болды - жүздеген мың адам қайтыс болды (542 мың адам әлі жоғалып кетті, 143 мың адам қайтыс болды), миллионға жуық адам үйсіз қалды өрттердің салдарынан. 1995 жылы 17 қаңтарда Кобеде жер сілкінісі болды (магнитудасы 7,3), 6434 адам қайтыс болды. 2011 жылдың 11 наурызында Жапония тарихындағы ең үлкен 9 баллдық жер сілкіністерінің бірі солтүстік-шығыс жағалауында болды,Сейсмологи повысили оценку магнитуды землетрясения в Японии до 8,9. жер сілкінісі жойқын цунами тудырды. Ең көп зардап шеккен Мияги префектурасы және Сендай қаласы болды, мұнда толқын жотасының биіктігі 10 м-ге жетті.Сендай жағалауында 200-ден 300-ге дейін мәйіттер табылды.Жапонияда 2011 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі болды
2011 жылдың 11 мен 25 наурызы аралығында Жапонияда 1-ден 9-ға дейінгі жер сілкіністерінің толқыны болды. Куәгерлердің айтуынша, көптеген қалаларда ол үнемі дерлік дірілдеп тұрған. Осы жер сілкіністерінің барлығы Жапонияға соққан бірнеше қуатты толқындарды тудырды, 3-тен рекордтық 10 метрге дейін. «Фукусима-1» атом электр станциясына толқындар соғылды, нәтижесінде апат болды, бұл Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейінгі ең ауыр радиациялық апат болды.
Бұл оқиғалар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапониядағы ең үлкен дағдарыс деп аталады.
Жапония жер сілкінісінің жиі болуына байланысты жер сілкінісін зерттеу мен болжау бойынша әлемде көшбасшы болды. Заманауи технологиядағы жаңалықтар сейсмикалық белсенді аймақтарда да зәулім ғимараттар салуға мүмкіндік береді.
Тағы бір табиғи қауіп - Жапонияға Тынық мұхиттан келетін тайфундар ( тайфу:),
Географиясы thumb|Хоккайдо аралы
Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропикалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.
Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.
Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Жапондардың салттары thumb Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Жапонияда Императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.
Тарихы
thumb|Матсумото сарайы Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Джомон және Яйои мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тенно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін "Тайка" реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хейан қалаларына көшірілді. 11 ғасырда да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Шогундер елді әскербасыларының (буши) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иеясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дешима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.