Плюмбикон ( - қорғасын) — нысанасы қалайы диоксидінің мөлдір қабатына жалатылған қорғасын тотығының қабатынан тұратын электрондық-сәулелік құрал. Құрылымы және жұмыс істеу принципі бойынша видиконға жақын. Бірақ техникалық сипаттамаларының ұтымдылығы бұл құралды түрлі түсті теледидардың негізгі беру құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника