Дефлектор (Оптоэлектроникада) ( — ауытқытамын) — оптикалық cәулеленудің кеңістікте таралу бағытын берілген заң бойынша өзгертуге арналған құрылғы.

Оптоэлектрондық дефлектор Оптоэлектрондық дефлекторда сәуленің таралу бағыты сұйық және қатты орталарда жарық сәулесі, электрлік акустика, магнит өрісі әсерінен жүретін физикалық құбылыстар арқылы басқарылады. Оптоэлектрондық дефлекторлар жарық сәулесін бір координата немесе екі координата бойынша ауытқыта алады.

Аналогті дефлектор Аналогті дефлектор басқарушы сигналға сөйкес жарық сәулесінің үздіксіз, ретті оптикалық сканирленуін қамтамасыз етеді.

Дискреттік дефлектор Дискреттік дефлектор оптикалық сәулелену бағытын басқарушы сигналға сәйкес кез келген бағытта өзгертеді Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника