Коаксиалды жол , — осі ортақ екі цилиндрлік өткізгіштерден тұратын тарату жолы.

Тасымалдаушы жиілігі 3 • 1010 Гц-ке дейін сигналдарды тарату үшін қолданылады.

Ішкі өткізгіш жалқы сымнан тұратын немесе бірнеше есілген сымдар түрінде жасалып. Сыртқы өткізгіш түтікше сымдар түрінде болады.

Өткізгіштер арасындағы кеңістік диэлектрикпен (полиэтилен, тефлон және т.б.) толтырылады. Коаксиалды жол сыртынан оқшаулағышпен (резина, пластмасса) қапталады.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника