Құрлық гидрологиясы Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - құрлықтың жер үсті суларын: өзендерді, көлдерді, бөгендерді, батпақты және мұздықтарды зерттейтін ғылым; гидрология саласы.
Жіктелуі Құрлық гидрологиясының жіктелуі: өзен гидрологиясы - потамология, өзендер туралы ілім; лимнология - көлтану және батпақтану; мұздықтар гидрологиясы (гляциология); жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология).
Маңызы Құрлық гидрологиясы құрлық суларында болып жатқан процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын, су балансы мен ағынның қалыптасуын, өзен тосқындарының құрылымын және басқа су объектілерін, арналық және жағалық процестерді, термиялық және мұз режімдерін, судың химиялық құрамын және т.б. зерттейді. Құрлық гидрологиясының әдістік негізі — су объектілері мен олардың режімін экспедициялық, тұрақты және зертханалық жағдайларда зерттеу.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия