Теледидарлық беру камерасы () — объект бейнесін бейнесигналға өзгертуге арналған құрылғы. Негізгі бөліктері: оптикалық жүйе (түрлі линзалар), электрондық-сәулелік беру құралы, жаймалау генераторы, бейнесигналды алдын ала күшейтетін күшейткіш, оператордың бейне іздегіші. Түрлі түсті теледидарлық беру камерасының ішінде үш оптикалық-сәулелік беру құралдары болады. Олардың әрқайсысына объект кескіні үш (қызыл, жасыл, көк) түсті жарық сүзгілері арқылы беріліп, үш монохроматтық бейне сигналы жасалады және үш арна арқылы беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника