Жылгелді Теңізбайұлы (1855, қазіргі Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының маңындағы Сары ой мекені – 1938, Түрікменстандағы Қулы-Маяк) — әнші, ақын, жыршы, күйші, «адайдың жеті қайқысының» бірі. Жылгелді жастайынан-ақ ауыл, ел арасындағы той-жиындарда қара домбырасын тастамай, өз бойындағы сан алуан өнерін (әншілік, жыршылық, домбырашылық, ақындық, т.б.) көрсеткен. Ел басына туған зобалаң, қиын кезең (1930 – 31) Жылгелдінің үй-ішімен Шағадамға (қазіргі Түрікменстан, Қулы-Маяк кәсіпшілік аймағы) қоныс тебуіне мәжбүр етеді. Оның кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасы – «Құнан нар», «Дәурен-ай», «Ақзер», «Ағибаш», «Сағыныш» (яғни «Дауысым, саған не болды») әндері, «Жұт итке» деген толғауы (150 жолдай). Облысы мәдениет басқармасы шығарған «Маңғыстау әуендері» атты жинақта (1994) Жылгелдінің «Құнан нар» атты бір әні нотасымен жарық көрді.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар