Задагей Иманғазиев (1928 ж. бұрынғы Гурьев облысы Еспол ауданында туған) – зоотехник, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1961).

Өмірбаяны Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік инcтитутын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1953).

1953 – 56 ж. Бақсай ауданында аға зоотехник, 1956 – 88 ж. Маңғыстау ауыл шаруашылығы инспекциясының бас зоотехнигі, 19-партия съезі атындағы ұжымшардың төрағасы, 1-май ұжымшарының ферма меңгерушісі, «Куйбышев» кеңшарында бас зоотехник, облысы мал дайындау тресінің бастығы, облысы өндірістік кеңшарлар басқармасы бастығының орынбасары, «Жаңажол» кеңшарында бас зоотехник болды.

Атақтары Түпқараған ауданының құрметті азаматы.«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997;

Дереккөздер

Санат:Зоотехниктер Санат:1928 жылы туғандар