Өмірзақ Қалбаев (1926 жылы туған, Қарақалпақстандағы Шоманай ауданы Құмжыққан өңірі) – ақын, шежіреші. Қалбаев өз өмірінде әр түрлі жұмыспен (есепші, бөлім меңгерушісі, май таратушы, т.б.) айналысқан. Жасынан Абыл, Қалнияз, Өгізбай, Нұрым жырларын, ел ішіне тараған аңыз-хикаялар мен шешендік сөздерді, тарихи оқиғаларды естіп, көңіліне тоқып өсті. Сондықтан да оның шығармалары екі салада: бірі өлең, толғаулар мен дастандар, екіншісі тарихи, әдеби және шежірелік мақалалар түрінде өріс алды. Басты шығармалары: «Алаңқай батыр», «Ер Қосай», «Омар мен Гүлнәр», «Қазақ Сауран айналғанда», «Білімдар» (Оразмұхамед), «Тобанияз» сияқты жыр-дастандары; «Шалқыған Қазақстаным», «Өсиет сөздер», «Адай шежіресі», «Қарақалпақ шежіресі», «Шежірелер шырғалаңы», «Ер Қосай ата мазары», «Қалнияз ақын – жорық жыршысы» сияқты тарихи-әдеби мақалалары. Ол Қалнияз ақынның өмірі мен шығармаларын жинау және насихаттау жұмысымен айналысты; Ер Қосай мазарын тауып, елді ұйымдастыру арқылы оның басына сәулетті кесене орнатуға зор еңбек сіңірді. Қалбаев жыр толғауларында тарихи оқиғаларды өзек етеді, халықтаың арман-мұратын, елдік пен ерлік, береке, бірлік пен имандылықты жырлайды. Мақалаларында ел, халық тарихына сүйенген ізденіс іздері мен шежірелік сипат басым. Қалбаев - Қалнияз ақынның өмірі мен шығармаларын жинап насихаттаушы. Тарихи елеулі еңбегі - Адай Құдайке баласы Ер Қосай мазарын іздеп тауып, халық күшін ұйымдастырып, оның басына сәулетті күмбез-кесене орнатуы. Өмірзақтың шығармашылығы мен Қосай ата рухы үшін жасаған қызметтері Қарақалпақстан, Түркіменстан, Қазақстан өңірлеріндегі мерзімді баспасөз беттерінде аталған ("Советы Қарақалпақстана", 4 қазан, 1990; "Маңғыстау", 27 тамыз 1991). Қ. шығармалары мен оның айтуынан жазылған шежірелер ҚР ҰҒА-ның М. Әуезов атындағы әдеб. және өнер институтының қолжазба орталығында сақталады. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:Қазақстан шежірешілері Санат:Қарақалпақстанда туғандар