Кира Васильевна Виноградова(1929 жылы туған, Ленинград) – Маңғыстау аймағының геологиялық зерттеушілерінің бірі. Мәскеудің Ломоносов атынд. мемл. университетін бітірген. Бүкілодақтық мұнай және газ ғылыми-зерттеу институтында қызметкер. *Полинологиялық тәсіл арқылы Маңғыстау тау жыныстарының жасын анықтап, мұнай мен газ кен орындарын ашуға ат салысқан. «Маңғыстау мен Батыс Түрікменстанның юра дәуіріндегі мұнай-газ қабаттарының стратиграфиясы мен полинологиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1971). Маңғыстау аймағы туралы халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндама жасаған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер

Санат:Тұлғалар