АранжанМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; — батыр, палуан. Елді сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көзге түскен. Досы – күйші Абыл Тілеуұлымен Бесқала ойындағы, Арқадағы елдерді көп аралайды. Абыл «Аранжанның шалқымасы» атты күйін батырдың бір сапардағы кесек қимылына арнап шығарған. Аранжан Жем бойында сапарлап жүргенде кездейсоқ қазаға ұшыраған. Арамжанның күмбез моласы Солтүстік Үстіртте, Қызылтас қамалының оңтүстік жағына жақын тұста.«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;

Дереккөздер