Бигелді Берекетов (1947 жылы туған, Маңғыстау ауданы) – мұнайшы.
Өмірбаяны 1968 – 1991 ж. «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында мұнай өндіру операторының көмекшісі, операторы, ұңғымаларды зерттеу операторы, мастер. 1995 – 1997 ж. мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының аға шебері. 1997 – 2002 ж. «Ремсервис» ЖШС-нде цех бастығының орынбасары. 2003 жылдан «ҚазМұнайГаз» өндірістік бірлестігі АҚ «Өзенмұнайгаз» мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу және көлік байланысы басқармасының сапа жөніндегі инженері.
Марапаттары Еңбек даңқы орденімен (1981) марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:1947 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Өзенмұнайгаз тұлғалары Санат:Еңбек Даңқы орденінің иегерлері