Серік Берішбаев (1961 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – зоотехник, ветеринария ғылымдарының кандидаты (2000).

Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) (1983) және халықаралық еңбек академиясын бітірген (2004). 1983-1984 жылдары Маңғыстау облысы малдәрігерлік зертханасында вирусолог-мал дәрігері 1984-1988 жылдары биохимия бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары 1988-1994 жылдары Қарақия ауданы ветеринария зертханасының директоры, ветеринар станциясының бастығы 1994-1999 жылдары Маңғыстау ауданы ветеринар стациясының бастығы, Маңғыстау облысы малдәрігерлік бірлестігі төрағасының орынбасары, облыстық ветеринария комитетінің төрағасы болды. 1999 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Маңғыстау облысы аймақтық басқармасының бастығы. Екі рет ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1961 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Қазақстан ветеринарлары Санат:Қазақстан ғалымдары