Валентина Егоровна Маркова (1947 жылы туған, Татарстан Республикасы) – жұмысшы.
Қазан қаласындағы кәсіптік-техникалық училищесін бітірген (1964). 1964 жылдан Маңғыстау энергокомбинатында тұщытылған су және өнеркәсіптік жылу, су өндіру зауытында жұмысшы. Маңғыстау облысы партия комитетінің бюро мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Еңбек Қызыл Ту, 3-дәрежелі Еңбек даңқы ордендерімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Татарстанда туғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері