Бақыт Бозжігітұлы (1937 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – мұнайшы, қолөнер шебері, қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік педагогика институтын (қазіргі ҚазҰПУ, 1964) бітірген. Маңғыстау өндірістік басқармасында қызмет етеді. «Қазмұнай» бірлестігінде қызмет етеді. «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінде инженер, аға және бас инженер, құрылыс бөлімінің бастығы (1964 – 76) Шевченко (қазіргі Ақтау қаласы) қалалық атқару комитеті төрағасының 1-орынбасары (1976 – 1979) Жаңаөзен қалалық партия комитетінің 1-хатшысы Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің 1-хатшысы Маңғыстау облысы партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1979 – 1991) «Маңғыстау мұнай-газ құрылысы» тресі бастығының орынбасары (1991 – 1994) болып жұмыс істеді.
Қол өнер еңбектері Бозжігітұлы қазақтың киіз үйі, күміспен көмкерген ер, асатаяқ сияқты көне мұраларды жасап жаңғыртқан. Оның қолынан шыққан киіз үй Алматыда Президент резиденциясында тігілген.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Дереккөздер
Санат:1937 жылы туғандар Санат:Форт-Шевченкода туғандар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Жаңаөзен қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары Санат:Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан қолөнершілері Санат:Маңғыстаумұнайгазбарлау тұлғалары