Аманжол Жөнекешұлы ҚартбаевМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; (1950 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы ) – инженер-геолог. ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1972). 1972 жылы Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және болжау институтында инженер 1973 – 1993 жылдары Маңғыстау облысының су шаруашылық басқармасында инженер, басқарма бастығы, Маңғыстау ауданында кеңшар директоры 1993 – 1996 жылдары Маңғыстау ауданы әкімшілігінің басшысы, аудан әкімі 1996 жылдан облыс әкімінің орынбасары болды. Маңғыстаумұнайгаз ААҚ-ның Қаламқас кен орнының әлеуметтік мәселелер жөніндегі менеджері. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған (1984). Дереккөздер
Санат:1950 жылы туғандар