Елубай Қашығұлов (1939, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылы–1999, Шетпе ауылы) – зоотехник.
Алматы зоотехнология-малдәрігерлік институтын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1965). Маңғыстау ауданында зоотехник, ферма меңгерушісі, бас зоотехник, ұжымшар директоры, аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінде алғашқы нұсқаушылардың бірі, «Шетпе кооперативтік дайындау» ЖШС-нің директоры болды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Шетпеде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан зоотехниктері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері