Ойра — Түпқараған түбегіндегі Сарытас шығанағының батыс шетінде жатқан мүйіс.

Географиялық орны Бозащыдан теңіз жағалап, Кетікке (Форт-Шевченко) қатынайтын ежелгі керуен жолының бойы. Сайдан шығатын қия жол бойының бірнеше жерінде жылымшылап аққан бұлақ көздері бар. 1950 жылдың басында негізгі шаруашылығы балық аулау болған. «Путь к коммунизму» ұжымшарының орталыққа көшіп келуіне байланысты, тауды іргелей балық тұздап сақтайтын қоймалар салынып, жол жөнделген. Қазір құрылыс орындары сақталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Дереккөздер

Санат:Каспий теңізі мүйістері Санат:Маңғыстау облысы географиясы