Электр тербелістерінің генераторы () — тұрақты ток электр энергиясын электроңдық аспаптар көмегімен өшпейтін электромагниттік тербелістер энергиясына түрлендіретін электрондық құрылғы. Пайдаланылатын аспаптар типіне байланысты электрондық шамдардағы, транзисторлардағы, магнетрондық аспаптардағы (магнетрондар, карматрондар), газразрядты аспаптардағы (тиратрондық генераторлар), сондай-ақ кванттық генераторлар (лазерлер, мазерлер) деп бөлінеді. Электр тербелістерінің пішіні бойынша: синусоидалы (гармоникалық) тербелістер генераторлары, импульстык генераторлар, арнайы пішінді тербелістер генераторлары деп жіктейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника