thumb|Эгида с головой Медузы Илемдеу — илемделетін құймакесектің немесе дайындаманың қималарының қалыңдықтарын азайтып оларды белгіленген пішінге қалыптастыру мақсатпен илемдеу орнақтардың айналып тұратын жанышпа біліктерінің араларынан өткізу арқылы жаныштап өңдеу үрдісін айтады. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Илемдеуді түрлері Бойлық илемдеу (Продольная прокатка) — эр түрлі багытта айналатын біліктердің арасына құймакесек немесе дайындама тартылып биіктігі бойынша жаншылып, ені және ұзындығы бойынша үлкейіп, ал дайындаманың қимасы біліктің арасындағы саңылауды (мөлшерлегішті) қабылдайтын илемдеудің түрі.
Көлденең илемдеу — параллельді осі бар бір бағытта айналатын біліктердің арасына цилиндрлік дайындама тартылып, өзінің осінде айналу диаметрі азаятын, ал ұзындығы бойынша үлкейетін илемдеудің түрі.
Көлденең-бұрама илемдеу — бөшкетәрізді, дисктәрізді немесе саңырауқүлақ торізді бір бағытта айналатын біліктердің арасына дайындама тартылып, ілгерілемелі қозғалыс жасап, біліктің айналмалы қозғалысымен қосылып, оның әрбір нүктесі бұрандалы сызықпен қозғалатын илемдеу түрі.
Көлденең-сыналы илемдеу — бет жағында сынатәрізді қалыбы бар айналатын білікте дайындаманы өңцейтін илемдеудің түрі. Илемдi әрлеу Илемдi әрлеу — электрмен жабу ваннасында жолақтың екі жағына орналасқан таза қалайыдан жасалған электродтар анод болып, ал қозғалатын жолақ катод болып, қаңылтыр металының бетін әзірлеу өдісі. Илемдi бөлшектеу Илемдi бөлшектеу — тұйық емес карам бойынша илемді бөлшектерге болу. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 Тағы караныз: Илем
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Машина жасау
ar:درفلة bg:Валцоване cs:Válcování kovů#Válcovací stolice de:Warmwalzen en:Rolling (metalworking) es:Laminación fa:نورد fi:Valssaus fr:Laminage hi:ढ़लाई (धातुकर्म) hu:Hengerlés it:Laminazione nl:Walsen pl:Walcowanie pt:Laminador ru:Прокатка