Моноантиклинальды таулар — ірі тектоникалық біртұтас антиклинальды күмбезден (брахиантиклиналь) тұратын таулы атырап. Мұндай таулы атыраптар бедері эрозияның бір жақты тілімденуінен пайда болады (мыс., Солтүстік Америкадағы Блэк-Хилс тауы, Маңғыстаудың орталық бөлігіндегі таулар).
Мономиктикалық көлдер
Мономиктикалық көлдер— жыл бойында циркуляциясының бір ғана кезеңі бар көлдер. Мономиктикалық көлдер жылы (мыс., циркуляциясы қыста болатын субтропиктік климаттағы көлдер) және суық немесе полюстік көлдер деп бөледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:География және геодезия