Сопы Дарбазасы - тарихи деректерде Отырар қаласының бір қақпасы осылай деп аталады. Жувейнидің жазуы бойынша, хорезмдік Қараша Хаджиб сатқындық жасап, Сопы Дарбазасын (Дарваза-и-Суфи) ашып, өзі өзкерімен Отырарды тастап шыққан. Кейінгі зерттеушілердің пікірінше, Сопы Дарбазасы Қожа Ахмет Ясауидің құрметіне қойылған. Сондай-ақ Отырардың батысында Қожа Ахметтің ұстазы Арыстанбабтың 12 ғ-да салынған мазары орналасқан. Сопы Дарбазасы сілемі Отырар құландысында өлі күнге дейін сақталған.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер

Санат:Археология