Қойшекен Сәрсенов(1929, Атырау облысы Аққыстау ауылы Айбас-Бабан қонысы – 1993) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту қызметінің үздігі». Орал педагогикалық институтын бітірген (1951). 1951 – 67 жылы Шахта орта мектебінде мұғалім, ауданы білім, мәдениет, баспасөз салаларында жауапты қызметтер атқарған. 1967 – 86 жылы Шетпе кентіндегі ғ2 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, 1986 – 89 жылы Б.Жұмалиев атындындығы орта мектепте мұғалім болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1929 жылы туғандар
Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері