Сарбуфин Темірхан Есенғалиұлы (1928 ж. т., Атырау облысы, Доссор кенті) – экономист, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі (1981). Қазіргі ҚазҰУ-ды бітірген. (1963). Ембі кен орындарында экономист, аға инженер, бөлім бастығы, «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде бас экономист, бас директордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ғылыми-зерттеулік жұмыстарымен шұғылданып, Өзен, Жетібай кен орындарындағы тұрып қалған ұңғымаларды қатарға қосу үшін «Жөндеу» ЖШС-ін ашты. Инженер В.Т.Муллаевпен бірлесіп, газды жинаған соң байытудың тиімді жолын өндіріске енгізді. Ол Өзендегі газ-мұнай әдісінің тиімділігін арттырып, қабатқа айдалғаннан кейін 7 – 10%-дан көп метан алуға болатынын дәлелдеген. Сарбуфин «Құмкөл» кен орнын игеріп, пайдалануға тапсыру үшін көп еңбек сіңірді. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар