Борис Николаевич Ельцин (, ); 1 ақпан 1931 жыл, Свердловск облысы — 23 сәуір 2007 жыл, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік саясаткер, 1991–1999 жылдары — Ресей Федерациясының тұңғыш президенті. 1961–1990 жылдары КОКП мүшесі болған Ельцин 1990 жылдан бастап партиясыз болды. Оның саяси көзқарасын жиі либералды және ұлтшыл деп сипатталады.
Өмірбаяны Ельцин 1931 жылғы 1 ақпанда Орал облысының Бутка ауылында (қазіргі Свердловск облысының Талицкий ауданында) дүниеге келді. Ельциннің өзінің мемуарына сүйенсек, раскулачивание саясатының нәтижесінде құқығынан айырылған шаруалар отбасында өсті. Буткада дүниеге келгенімен, Ельцин Басмановское ауылына жақынырақ болды, деді Ельциннің биографы Борис Минаев.
1955 жылы Орал политехникалық институтын бітіргеннен кейін, Свердловск қаласындағы құрылыс трестерінде шебер, прораб, аға прораб, бас инженер, құрылыс бастығы болып қызмет істеген.
1968 жылдан Свердловск облысы партия комитетіне жұмысқа шақырылып, 1976–1985 жылдары аралығында оның 1-хатшылығына сайланды.
1985 жылдың сәуір айынан бастап КОКП ОК-нің аппаратына ауыстырылып, құрылыс бөлімінің меңгерушісі, КОКП ОК-нің хатшысы (1985–1986), Мәскеу қалалық партия комитетінің 1-хатшысы (1985–1987) қызметтерінде болды.
1987 жылы қараша айында өткен пленумнан кейін орнынан алынып, екі жыл мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының 1-орынбасары, КСРО министрі дәрежесіне төмендетілді. 1990 жылы өткен сайлауда РКФСР халық депутаты болып, 29 мамырда өткен РКФСР халық депутаттарының 1-съезінде РКФСР Жоғарғы Кеңесінің төрағалығына сайланды. КОКП 28-съезінде жария түрде партия қатарынан шықты.
1991 жылы 12 маусымда өткен Ресейдегі тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетті. Тарихи тамыз бүлігін (19–21 тамыз 1991) басуда шешуші рөл атқарып, Кеңес Одағының ыдырауын, оны ұстап тұрған жетекші партия КОКП-ны биліктен аластауды жеделдетті.
1991 жылғы 8 желтоқсанда өткен Беловеж келісіміне Беларусь, Украина республикалары басшыларымен бірге қол қойып, Кеңес Одағының ыдырауын рәсімдеді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Кеден одағының негізін қалауға үлес қосты. Ресей президенті қызметін атқарған жылдары бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1998 жылы ол Қазақстанның ең жоғары марапаты "Алтын Қыран" орденімен марапатталды. Ресейде 1996 жылғы 3 шілдеде өткен кезекті президент сайлауында қайта сайланды. 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап президенттіктен өз еркімен кетті.
Әдебиет Шығ.: Исповедь на заданную тему, М., 1990; Записки президента, М., 1993.
Дереккөздер
Санат:Ресей Федерациясы Президенттері Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Буткада туғандар Санат:КСРО инженерлері Санат:КСРО құрылысшылары Санат:1 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазан қаласы 1000 жылдығына арналған медалі иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 30 жыл белгісі иегерлері Санат:1 дәрежелі Кінәз Дана Ярослав орденінің иегерлері Санат:Алтын Қыран орденінің иегерлері Санат:Тізбектегі үш жұлдыз ордені иегерлері Санат:Құрмет легионы ордені үлкен крестінің иегерлері Санат:Италия Республикасы алдындағы қызметі үшін ордені тізбегіндегі үлкен крестінің иегерлері Санат:Вифлеем-2000 медалінің иегерлері Санат:Қазанның құрметті азаматтары Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:КСРО полковниктері Санат:Ресей президенттігіне үміткерлер (1991) Санат:КОКП ОК хатшылары Санат:КСРО волейболшылары Санат:Қайта құру кезеңі Санат:Ереванның құрметті азаматтары Санат:Түрікменстанның құрметті азаматтары Санат:КСРО министрлері Санат:Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Ресей мемуаршылары Санат:КОКП XXVI съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXVIIІ съезінің делегаттары Санат:Қазан тұлғалары Санат:КОКП-дан шыққандар Санат:Борис Ельцин Санат:КОКП XIX конференциясы делегаттары Санат:Ресей президенттігіне үміткерлер (1996)